Лоббизмнің мәні не?
Саясатта лоббизм термині жиі қолданылады. Осы терминнің мәнін түсіндіріп берсеңіздер.]
Рақым ОШМАНОВ, Алматы қаласы
Лоббизм деп жеке азаматтар мен топтардың биліктің, мемлекеттік органдардың шешіміне тікелей ықпал жасауын айтады. Лоббилеуге атсалысатындарды лоббистер дейді. Белгілі бір заңды немесе жеке тұлғалардың мүддесі үшін заңдар қабылдануына, тиімді шешімдер қабылдауға қатысады. Лоббилік іс-әрекеттердің тарихы ағылшын жеріндегі алғашқы құрылған парламенттен басталады. Сол кезеңдерде ақсүйектердің, ірі шонжарлардың пайдасы үшін парламент мүшелері заңдар қабылдаған. Лоббилеудің тікелей, жанама және ішкі деп аталатын үш түрі бар. Тікелей лоббилік әрекет те жеке тұлғалардың пайдасына қызмет жасаса, оның жанама түрі деп компаниялардың бірігу арқылы мемлекеттік органдарға қысым жасауын айтады. Ал ішкі лоббилеу деп биліктің ішіндегі топтардың ықпалдасуын атайды.