Лицензия алудың жаңа үлгісі
«Лицензия алудың жаңа үлгісі нақтыланды» дейді. Оны қалай түсінуге болады?
Алмасбек Сайынов
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі хабарлағандай, 1 сәуірден бастап елімізде лицензия берудің жаңаша үлгісі қолданысқа енгізілді.
Жаңа үлгіге сәйкес, өтініш берушінің лицензия немесе лицензияның қосымшасын алу үшін дәстүрлі тәсілмен, яғни тиісті мемлекеттік органға барып, не болмаса www.elicense.kz электрондық лицензиялау порталы арқылы өз өтінішін өткізе беруіне болады.
Өтінішті өткізу тәсіліне қарамастан, лицензия тек электронды форматта беріледі. Электрондық лицензияны жоғалтып, не бүлдіріп алу мүмкін емес. Сонымен бірге азаматтарға лицензияның дубликатын алу үшін уақыт пен қаражат жұмсаудың қажеті болмайды. Егер бұрын мемлекеттік орган тұтынушыға лицензиялау жөніндегі ресми хатына лицензияны қоса тіркеп жолдаса, қазір өтінім берушінің порталға тіркелмей-ақ, лицензияны порталдағы http://3cm.kz/860fc сілтеме арқылы «Рұқсат ету құжаттарын іздеу» бөлімінен кез келген уақытта көшіріп алуына болады.
Кез келген мүдделі тұлға немесе орган онлайн режимінде лицензияның бар екендігін және оның дұрыстығын тексере алады.
Қазір қағазға шығарылған лицензиядан бас тарту бланктерді алуға және өтініш берушіге жеткізуге кететін бюджет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.