Күздің қара суығынан сақтаныңыз
Қазір – нағыз қара күз. Таңғы және түнгі мезгілде күн қатты суытады. Осындай кезде жеңіл киіммен жүріп, тоңып, суық тиіп қалған адамға қандай алғашқы көмек көрсету қажет?
Гүлсамал Жұмаділова, Алматы қаласы
Мамандардың айтуынша, күздің қара суығында далада беймезгіл жүрген адам суықтап қана қоймай, үсікке шалдығуы да мүмкін. Көбіне мұндай жағдайларға салтанатты шаралар кезінде жеңіл киінуге мәжбүр болған адамдар тап болып жатады. Суықтап қалған адам 25-28 градустық жылы ваннаға шомылуы қажет. Есеңгіреген адамды суда тізерлетіп отырғызып, аяқтарын абайлап уқалау керек. Ваннадағы су суып кетпес үшін оған арагідік ыстық су ағызып тұрған жөн. Бойы жібіген адамға ыстық шай беріп, басы ауырып, құсқысы келмеген болса, тамақтандыру керек. «Суық жарақатының», ревматизмнің алдын алу үшін үсік шалған адамның дәрігерге қаралғаны абзал.