Кун ұстаз деген кім?

Кейбір ғылыми кітаптардан шығыс ғұламасы «Кун ұстаз» айтқан екен де­ген­ді оқып қаламыз. Ол әйгілі Конфуций емес пе? Сол жайлы толығырақ білуге бола ма?
Салтанат ЕМБЕРГЕНОВА,
Арқалық қаласы
Дұрыс айтасыз. Конфуций Кун-цзы (Кун ұстаз) (б.э.д. 551– 479 жж.) ке­дей­леніп кет­кен атақты кісілердің от­ба­сында дүниеге кел­ген, өмірінің көбісін Лу патшалығында өткізеді. Жас кезінде шенеунік қызметін ат­қа­рып, кейін Қы­тай­да алғашқы болып жеке мек­тептің негізін қалаған. Еңбек ете жүріп жи­нақ­таған тәжірибесін, өмір философия­сын іске асырып, кейінгі ұрпақ игілігіне қал­дыр­ған. «Лунь юй» кітабына әңгіме-дү­кен, пайымдар, оқушылары мен шәкірт­терінің көзқарастары мен әңгіме­ле­рінен жаз­балар ен­ген. Оның ілім-білімі адам­­гер­шілікке – адам­дардың этикалық жә­не әлеуметтік қа­рым-қатынасына арна­лып, ата-бабаларына қошемет, жасы жа­ғынан да, дәрежесі жа­ғынан да өзі­нен жоғары адам­дарды құр­мет­теу, т.б. ізгілікке негізделген. Кон­фуций ілімі бас­қа ілімдерден басым бол­ған кезде (б.э.д. 136 ж. кейін) дүниежүзі фи­ло­­соф­ты «11 мың ұрпақтың ұстазы» деп та­ны­ды. Оның «Лунь юй» және «Ши­цзин» (музыка өнері) атты шығарма­ла­ры бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста