«Күміс алқа» кімге тиесілі?

«Күміс алқа» кімге тиесілі?

«Алты бала дүниеге әкелген анаға «Күміс алқа» белгісі беріледі, зейнетақысына 8000 теңге қосылады» дегенді естіп қуанып қалып едік. Анам алты бала өсіргенімен, бір ағамыз 25 жасында қайтыс болған. Әкімдіктегілер «Күміс алқамен» марапаттау үшін барлық баласы тірі болуы керек» деп отыр. Осынысы дұрыс па?

Асылжан, Алматы

Бұл сауалды Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының төрағасы Әбдікәрім Төреқұловтан сұрадық.
– Расында да, заң бойынша Асылжанның анасына «Күміс алқа» белгісі берілмейді. ҚР Мемлекеттік сыйлықтары туралы» Заңының «Көпбалалы аналарға сыйлықтар» тарауының 27-бабында «Күміс алқа» белгісімен алты бала туып, өсірген, кенжесі бір жасқа толған және барлық балалары тірі аналар марапатталады» делінген.

Ал «Алтын алқа» жеті бала туып, өсірген аналарға табысталады. Заңға сәйкес, асырап алынған балалар, Қазақстан Республикасын қорғау жолында мерт болған немесе хабарсыз кеткен, табиғат апаты кезінде немесе адам өмірі мен материалдық құндылықтарды құтқару кезінде, қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау, еңбек барысында жарақат алып немесе кәсіби аурудан көз жұмған балалары да есепке қосылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста