Ағы мен қарасы қатар жүретін өмірде бірде қуанып, бірде қайғыратынымыз – заңдылық. Бұл дүниеге келген кез келген адамның бақытты болғысы келеді емес пе?! Ал, кейде ойымыздағы орындалмай, кедергіге тап бола қалсақ, бақытсыз болып қалу қаупін көбірек сезінеміз де, күйзеліске бой алдыру арқылы тығырықтан шығудың жолдарын байқамай қаламыз. Яғни, өзіңді толық бақытты сезінуің үшін күйзеліске бой алдырмасаң болғаны. Себебі, адамзат үшін бір ғана ой, бір ғана сөз қатты әсер беруі мүмкін. Сондықтан, өз көңіл-күйіңізді өзіңіз көтере білгеніңіз жөн.
Анығырақ айтатын болсақ, стресс - қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Бұл жағдай қазіргі уақытты ҰБТ тапсырып жатқан жас түлектерімізде жиі кездеседі. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі қанат жаяды.
Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну, құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккөру және т.б.
Уолтер Рассел «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз» деген пікір айтқан екен. Әр адам өзінің дене және психикалық саулығыңызға назар аудару керек. Психологтар дерттен айығу үшін адам ЕҢ АЛДЫМЕН ІШКІ ЖАН ДҮНИЕСІНІҢ МӘНІН АШЫП, ӨЗІНІҢ СҮЙІКТІ ІСІМЕН АЙНАЛЫСУ КЕРЕК дейді. Стрестік күйде жүрген адам «барлығы жақсы» деп, жайма-шуақ өмір кешетін адамнан гөрі шешімді тез әрі дұрыс қабылдайды екен.
Күйзелістен арылып, күйзеліссіз жайбарақат күн кешуіңіз үшін мына қағидаларды ескеріңіз:
- Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры. әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймау керек. Барлығы орнымен болғаны жөн.
- Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барып, жаттығу жасап, билелеп, ән айту керек.Таза ауада серуендеп, бассейнге, моншаға барыңыз.
- Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға, бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
- Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?
Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі – эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу. Үшінші жол – қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер. «Дені саудың жаны сау» деген сөз бекер айтылмаған. Дұрыс үйлестірілген тағам, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден бас тарту сіздегі стрессті жеңудің тағы бір әдісі болады.
Диета сияқты, артық ішіп-жеу стресске әкіліп соқтырады, зорланудың салдарынан организм тез толып кетуі мүмкін. Тамаққа көп жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, дәнділерді және теңіз өнімдерін қолданыңыз. Көбірек қозғалыңыз, жүзіңіз, теннис ойнаңыз, бимен немесе йогамен айналысыңыз, конькимен немесе шаңғымен сырғанаңыз – ең бастысы өз жаныңызға жағатын істі таңдаңыз! Уақыт сайын массажға, спа-салонға, шаштаразға барып, жақсы көретін көйлегіңізді немесе костюміңізді киіп кешке билейтін, әлде караоке өлендерін айтатын жақсы көретін барға барып келіңіз.
Демалыс күндерінде ұйқыңызды қандырыңыз. Орташа статистикалық адамға қалыпты тiршiлiк әрекетiн және сергектік рухты сақтау үшін күнделікті 7-9 сағат ұйқы қажет! Әр адамның өмірі өзінің қолында! Болмашы күйзеліске түсемін деп жүріп, қолыңыздағы «бақыт құсын» ұшырып алмаңыз!
Авторы: Оразхан Ақтолқын