Күйеуге бағыну міндет пе?

Ислам дінінде әйел адам ер адамның айтқанын тыңдау керек дейді. Бірақ кейбір адамдар осыны пайдаланып әйелдеріне шектен тыс тыйым салып жатады. Сол дұрыс па? Әлде ер адам әйеліне ұсақ-түйекке дейін тыйым салуына болады ма? Әлде тыйым салудың да өзінің бір себептері бар ма? Рахмет Алла разы болсын! Н.Қайдарова.

Ассаламуғалейкум!
Сіздерден сұрарым, әйел ерінің намысына тиіп, балағаттаса, не істеу керек? Отанасын ұрып, соғуды ислам діні жақтамайды. Бірақ ол да бір саты төмендігін мойындап, сөзге иімейді...

Уа алейкум ассалам!
Ерлі-зайыптылардың құқығы туралы сөз қозғағанда, тек бір жақты қарастыру қателік болып табылар еді. Сондықтан да бұл сауалға толық әрі түсінікті етіп жауап беру үшін күйеуінің құқығын әйел құқығымен қатарластыра қатастырғанымыз жөн.

Құран Кәрімде: «...Ерлердің әйелдердегі хақылары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар. Әйелдерден көрі ерлердің дәрежесі артық...[1]», – деген аят бар. Сонымен бірге, ерлі-зайыптыларға қатысты Алла елшісі (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында айтқан сөзінде: «Сендердің әйелдеріңде хақыларың бар, әйелдеріңнің де сендерде хақысы бар...[2]», – деген.

Сондай-ақ, Алла тағала: «Еркектер әйелдерді билеуші...[3]» деп әмір етеді. Бірақ, күйеуге берілген осы билік және артықшылық ер мен әйелдің құқық пен жауапкершілік теңдігіне кедергі бола алмайды.

Өйткені, аяттағы артықшылық ер кісінің әйеліне деген қамқорлығын меңзейді. Бұл қамқорлық ер мен әйелге ортақ істе жүйелілікті қамтамасыз етеді. Әйтпесе, іс насырға шабар еді. Сонымен қатар, осы аят үкімімен әйелге жұбайы ретіндегі құқығы мен міндеттері толығымен күйеуінікіндей етіп беріледі. Жоғарыдағы «Әйелдерден көрі ерлердің дәрежесі артық...» аятының тәпсірінде: «Егер осы (күйеуіне берілген) дәрежені мойындаса, әйелдің құқығы мен міндеттері (күйеуінікімен) бірдей[4]», – деп жазылған.

Міне, сондықтан отбасылық өмірде басшылыққа алынатын жалпы қағидат: «Қарым-қатынаста мейірімділік пен ізгілік және зиян тигізуден сақтану[5]».

Ендеше, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін қысқаша төмендегідей келтіруге болады:

1.Баспана және отбасылық тұрмыстық қамтамасыз ету (ер кісінің міндеті). Сонымен бірге, әйелінің үй ішінде және сырттағы жүріс-тұрысын және адамдармен қарым-қатынасын қадағалау, үйдің ішінде және сыртында қандай жұмыспен айналысуына болатындығына мән беру. Және қауіпсіз болған жағдайда әйелімен жұмыс бабы немесе күнкөріс үшін қоныс ауыстыруға және көшуге құқылы. Бұл құқық ер кісіге заңды түрде неке қиюмен күшіне енеді. Аталмыш құзырет ер кісі өзін және әйелін зияннан қорғау және екеуінің өмірін сақтау үшін берілген.

Фиқһ ғұламаларының пікірінше, бұл Ислам шариғатындағы басқа құқықтар секілді шектелген құқық. Күйеу әйеліне ешбір зиян тимеу керек. Мәселен, әйелдің өз туысқандарымен қарым-қатынасы кедергі келтіру сияқты.

2.Түзету (тәрбиелеу, жөнге салу). Бұл құқықтың негізі: «...Ал, сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектерінде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды ұрыңдар. Ал, егер олар сендерге бойұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер...[6]».

Осы аяттағы «Әйелдің бастартуы» күйеуіне қарсы шығу, құлақ аспау, ашуына тию дегенді білдіреді. Ал, «төсектерінде тастап қойыңдар» дегені – бір төсекте арқаны беріп және сөйлеспей жату. Басқа бөлмеде және бөлек төсекте емес. Және «ұрыңдар» сөзін Ибн Аббас (р.а.) «Ауыртпай ұру» десе, Хасан Басри «Әсер етпейтіндей ұру» дейді. Ал, фиқһ ғалымдары «бір мүшесін сындыратындай және денесіне із түсетіндей ұру емес[7]», – дейді.

Өйткені, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әйелді ұруға тыйым салған. Және ондайларды жаман адамдар қатарына қосқан. Омар (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) үйіне көп әйел күйеуіне шағымданып келеді, сонда Ол (с.ғ.с.): Мұхаммедтің шаңырағына көп әйел шағым айтып келуде, олардың күйеулері жақсы адамдар қатарынан емес[8]», – деп ұрудың жөн емес екенін жеткізген.

Иә, бұл – ер кісінің басшылық құқығының бір тармағы. Ер кісі әйеліне ескерту беруіне, тыйым салуына құқылы. Қазидің (сот) халыққа ескерту және тыйым салу құқығы секілді. Бұл құқықтың да шегі бар, одан асу зиянкестік жасау болып табылады. Бұл құқық дұрыс жолдан тайған әйелді түзету үшін беріледі. Сондықтан, басқа жағдайда әйелден себепсіз мін іздеп қысым көрсетуге болмайды. Және де, жоғарыдағы аятта көрсетілген тәрбие тәсілдерінен тыс әрекет етуге де тыйым етіледі.

3. Жұбайлық міндеті. Құранда: «Өйткені, әйелдерің – егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер...[9]», – деп әмір етілген.

Ерлі-зайыптылар бір-бірінің құмарлық талаптарын толық қанағаттандыруы керек. Ер кісі әйелін қалаған сәтте, әйелі ешбір себепсіз бас тартуына болмайды. Тек, шариғи (етеккір қаны кезі) және денсаулық тұрғысынан кедергі болмаса. Ер кісі де әйелді төсек қатынасына қатысты қалауын қанағаттандыру керек. Өйткені, араның суып кетуі және әйелдің ажырасуды талап етуіне осы жайт себеп.

4.Күйеуінің дүние-мүлкін қорғау және сырын құпия ұстау. Күйеуінің рұқсатынсыз ешкімді үйге кіргізбеу. Бұған қатысты көптеген хадистер бар. Солардың бірі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында айтқан сөздері: «Әйелдеріңе жақсы қарауды өздеріңе міндет деп біліңдер. Олар сендерге тәуелді. Әйелдеріңе ешбір қысым көрсетуге құқыларың жоқ. Тек қана олар анық бұзықтық[10] көрсетсе ғана төсекте қарамаңдар және зиянсыз ұрыңдар. Ал, егер олар сендерге бойұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Сендердің әйелдеріңде хақыларың бар, әйелдеріңнің де сендерде хақысы бар. сендердің әйелдеріңдегі хақылары: сендер жақтырмаған адамды төсекке отырғызбау және ұнатпаған адамды үйге кіргізбеу. Ал, әйелдеріңнің ақысы оларға киім-кешек пен ас-суды жақсы етіп берулерің[11]».

Сондай-ақ: «Баршаң бақтышысың және баршаң өз қарамағындағыларға жауапты... әйел күйеуі шаңырағының бақташысы, ол өзінің қарамағындағыға жауапты[12]»,– деген хадис бар.

Зер салып қарасаңыз, ерлі-зайыптылар тең құқылы.
Муслим.кз сайтынан

[1] Бақара сүресі, 228-аят
[2] Нәйлул Аутар, 5-бөлім, 364-бет
[3] Ниса сүресі, 34-аят
[4] Тафсир Табари, 2-том, 257-бет
[5] Әл-Бадаиғ, Касани Ханафи, 2-том, 334-бет
[6] Ниса сүресі, 34-аят
[7] Мұхтасар тафсир Ибн Касир, 1-том, 468-бет
[8] Әбу Дәуд, Насаи, Ибн Мажаһ
[9] Бақара сүресі, 223-аят
[10] Анық бұзықтық – тілі және іс-әрекетімен күйеуіне қарсылығы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста