Жаз маусымы жақындай түсуіне байланысты күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік сатып алмақшы едім. Жасанды тауардан фирмалық тауарды қалай ажыратуға болады?
Әсел Ахметова, Шымкент қаласы
Күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік сатып алғаныңызда тауардың маркасына қараңыз. Көзілдіріктің ішкі бетінде «400 нм» және «UV 400» деген жазу болса, ол – жоғары сапалы көзілдірік. «В-15» деген марка кездеседі (бұл – түстің белгісі, 15-қоңыр және «15 пайыз ультракүлгін сәулені өткізеді» деген сөз). «Blocks at least 95% UVB and 60%UVA» маркалы көзілдірік ультракүлгін сәулемен қатар, альфа-сәулелерден де қорғайды. Фирмалық көзілдірік қорапта, аннотациясымен бірге сатылады. Онда барлық параметрлері көрсетіледі. Құлаққа ілетін тұсында жасап шығарушы мемлекет және моделдің нөмірі жазылады. Егерде бірдей екі көзілдірікте екі түрлі нөмір болса, ол – жасанды тауар. Жасанды тауарды анықтаудың тағы бір жолы – көзілдірікте жазылған маркаларды тырнақпен тырналап өшіру. Фирмалық марка өшпейді, ал жасанды тауардың жазулары тез өшіп кетеді.
Көзілдірік таңдағанда түсіне көңіл бөліңіз. Сары түс анық көрсеткенімен, күннен қорғамайды. Көк және көгілдір түсті көзілдіріктер ең зиянды болып есептеледі. Ең тиімдісі күңгірт-сұр және күңгірт-жасыл түсті көзілдіріктер. Ал жағажайда, қарлы тауда демалғанда, айналы көзілдірік таққан дұрыс.
Көзілдірік таңдай білесіз бе?
Последние статьи автора