"Көшеден тауып алған ақшаны алмаңыз": Отандық заңгерлер әркімге білу қажетті қағидалармен бөлісті

Күнделікті өмірде түрлі қиын жағдайлар, нақты әрі тез шешім қабылдайтын сәттер болады. Сондай кезде эмоцияға берілмей өз құқығыңыз бен міндетіңізді, не істеу керек екенін білген абзал. Заңның ерекшеліктері мен маңызды пункттерін біліп жүрген жөн. Stan.kz тілшісі қазақстандық заңгерлерден азаматтар өз құқықтарын қалай қорғау керектігін, кей ситуациялардағы дұрыс әрекет етудің жолдарын сұрады.

Көшеде ақша тауып алған ақшаны алуға бола ма?

 
Отандық адвокат Эльнура Жұмабековна көшеде табылған заттарды "Олжалар бюросына" өткізу керек екенін айтады.

"Ішінде ақшасы бар әмиянды тауып алған жағдайда, оның ішінде құжаттары қалып қалса, жоғалған заттың иесін анықтауға мүмкіндік бар. Ал әмиян емес, тек ақша тауып алсаңыз, оның иесін әсте анықтау мүмкін болмайды. Мұндайда көшеден табылған ақша, басқа да заттарды "Олжалар бюросына" барып өткіземіз. Ол жерде қандай заттар өткізгеніңіз туралы түбіртекті алуыңыз қажет", - дейді маман. 

Айтуынша, алдағы уақытта тастанды ақша адамға ұрлықпен пара-пара жала болып естептеліп кетуі ғажап емес, сондықтан артық сөз болмау үшін осы аталған мекемеге өткізу қажет.

"Егер азаматты полиция қызметкері ұстап алған болса, оның себебін анықтау керек. Ол үшін нақты не үшін ұсталғанын сұрау қажет. Полиция қызметкеріне өзін таныстыруын сұрап, құжаттарын тексеріңіз", - дейді Эльнура Жұмабековна.

Полиция қызметкерлері сізден құжаттарыңызды көрсетуді талап етуге құқығы бар ма? Ұстап алып кеткен жағдайда не істеу керек?

Полиция қызметкерлері құжатты тексеру мен талап етуі белгілі бір себептерге байланысты болатынын айтады, дейді Эльнура Жұмабековна.

"Көбінесе тексеруге учаскелік полиция қызметкерлерінің құқығы бар. Үйге келіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз десе, полиция қызметкерлерінің куәлігін, қай жерде жұмыс істейтіндігі жайлы  мәліметтерді есікті ашпас бұрын алу керек", - дейді адвокат. 

Айтуынша, егер бұл адамның полиция қызметкері екеніне күмән туындайтын болса, 102 нөміріне хабарласып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған адам жайында мәлімет алып барып, есікті ашса болады.

Заңгер Чиналиева Айнұр полиция қызметкерлері сізді ұстап алған жағдайда бірқатар кеңестерді ескеру маңыздылығын атап өтті.

"Полиция қызметкері сізді ұстап алып кеткен жағдайда мемлекеттік адвокат беруін талап етуіңіз қажет. Ұсынылатын адвокат та осы себептерді анықтауға көмектестеді. Егер сіз қандай да бір құқық бұзсаңыз немесе іс-әрекетіңізбен күдік туғызған болсаңыз полиция қызметкері құжатыңызды сұрауға құқылы", - дейді ол.

Полиция сізді тоқтатқан жағдайда не үшін олай істегені жайлы түсініктеме беруі қажет, сонымен бірге сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді түсіндіруі тиіс, дейді маман.

"Егер мұның бірі де түсіндірлмеген жағдайда бұл әрекет - заңсыз болып саналады. Сізді полиция учаскесіне алып кетсе туған-туысыңызға хабарласуын немесе қоңырау шалуға мүмкіндік беруін сұраңыз. Сізді ұстау кезінде полиция қызметкері сіздің туыстарыңызды хабардар етуге міндетті", - деп қосты заңгер.

Полицияға қандай жағдайда есік ашуға міндеттісіз?

"Сізге жедел ақпарат берсе, сіздің құқық бұзушылық жасағаныңыз жайлы жеткілікті ақпараты болған кезде полиция қызметкеріне есік ашуға міндеттісіз. Барлық басқа жағдайда сіз талаған тұлғаларды үйіңізге кіргізуден бас тартып, оның орнына аулаға шығып сөлесе аласыз. Сіз саналы азамат ретінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізетін тәртіп сақшыларына жәрдемдесуге міндеттісіз", - дейді Чиналиева Айнұр. 

Айтуынша, полиция қызметкерінің қызметтік куәлігін қарап, аты-жөнін, лауазымын білуге құқылысыз.

"Нақты білу үшін 102-ге хабарлассаңыз, полиция қызметкерлері қайда баратыны туралы ақпаратты 102-ге береді, сондай-ақ, бұл қызметкерінің қауіпсіздігі үшін де қажет", - дейді заңгер. 

Көшеде әлдебіреулердің төбелесін көрсеңіз, араласуға бола ма?

"Егер сіз біреудің біреуге шабуыл жасағанын көрсеңіз оған араласпағаныңыз жөн. Бірден құқыққорғау органдары хабарласып, 102 шақыруыңыз қажет. Себебі төбелес кезінде сіз кінәлі тарапта қалып немесе сізге дене жарақаттарын келтіруі мүмкін.  Адамгершілік тұрғыдан сіз оған мән бермей өтіп кете алмайсыз. Шамаңыз келсе ажыратып, араласуға тырысасыз. Қылмыскерді қатты айқай қорқытуы мүмкін. Даусыңызды көтеріп, айқайлап көмек сұраңыз. Өтіп бара жатқан ададардан полиция қызметкерлеріншақыруға өтініш жасаңыз. Қылмыскер айқайдан секем алып қылмыстық ірекетін тоқтатуы мүмкін", - дейді заңгер Чиналиева Айнұр. 

Айтуынша, негізінен бірінші кезекте полицияға хабарласып тезі әрі нақты құқық бұзушылықтың қай жерде болып жатқанын хабарлаған дұрыс.

Егер мұндай қылмысты көргендер салғырттық танытып үнсіз өтіп кетпей, уақытылы полцияға хабар берсе, мұндай құқықбұзушылықтар азаяр еді, дейді заңгер.

"Әрине, адамның көмектесу көмектеспеуі әр адамның өзі біледі. Бәрі азаматтың жеке жауапкершілігіне байланысты. Жағдайға қарай полиция, жедел жәрдем шақыру қажет. Үйге полиция қызметкерлері келген жағдай олардың құжаттарын, белгісін, қызметтік куәліктерін сұрау қажет. Сондай-ақ, олар қарайтын және өкілдік ететін АІББ-ға хабарласып, шын мәнінде сол жерде жұмыс істейтінін тексеру қажет болады", - дейді ол.

Адвокат Эльнура Жұмабековна қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында төбелес, бұзақылық жасаған жағдайда құқық бұзушыларға тыйым салу ретінде араласуға болады дейді.

Банктегі несие сіздің атыңыздан алынбаған жағдайда не істеу қажет?

Бүгінгі таңда шұғыл қаржы мәселелерін шешу үшін кредиттер мен онлайн қарыздар біздің өмірімізде ыңғайлы құралға айналды. Сонымен қатар несиелік алаяқтық та жайлап барады. Мысалы, азаматтарға банктен кепілсіз қарыз алғаны туралы хабарлама келеді, ал олар несиені өздері алмаған болуы мүмкін. 

Мамандар алаяқтар сіздің атыңызға несие немесе онлайн несие алғанын білсеңіз алдымен ұйымның басшылығына өтініш жазуыңыз керектігін айтады.

"Өтініште жағдайды егжей-тегжейлі сипаттау, сондай-ақ, алаяқтарға қарызға пайызбен ақша беруге негіз болған құжаттарды сұрау қажет. Сонымен бірге құқық қорғау органдарына өтініш беру керек. Сіздің өтінішіңізді алғаннан кейін несие беруші қызметтік тергеу жүргізуге міндетті. Оның нәтижесі берілген қарызды жарамсыз деп тану туралы шешім болуы тиіс. Несие беруші сізбен кездескісі келмейтін жағдайда, мамандандырылған кәсіби адвокаттан кеңес алған жөн. Сіздің шұғыл қарыз алуға қатыспағаныңыздыдәлелдеу үшін графологиялық сараптама (қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру) жүргізуді талап ету, бейнебақылау материалдарының жазбаларын қарау, немесе тіпті сотқа талап арыз жазу керек. Заңгер сізге бәрінқалай дұрыс ұйымдастыру керектігін айтады және қажет болған жағдайда сотта сіздің мүддеңізді қорғайды", - дейді заңгер Чиналиева Айнұр. 

Қазақстандық адвокат Эльнура Жұмабековна банктен несие өз еркімен алған жағдайда өзіне төлеуіне тура келетінін айтады.

Сонымен қатар, банктен несие сіздің атыңыздан алынған болып, төленбей жүрсе, бастапқыда білмей, кейін білген болсаңыз, полицияға шағымды міндетті түрде түсіру керек дейді.

"Тұрғылықты мекен жайында орналасқан полиция басқармасына, несие қай банктен алынды, қай жақтан хабарласып жатыр соны білу қажет. Оқиға қай жерде болды, сол жердің полиция қызметкерлеріне барып арыз түсіреміз. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалады. Несие көлемі қанша, кім алған, рәсімдеген, нақты ол жөніндегі мәліметті банктен аламыз. Арызды қабылдап алған соң тергеу бөлімі банкке сұрау салдырту арқылы ақшаны шешу барысында бейнетаспаға түскен болса, сол адамды анықтай бастайды", - дейді адвокат.

Ал егер айып тағылып адам несиені өз атынан туыстарына алып берген болса, ондай жағдайда бұл азаматтық іс болып саналады, дейді маман.

"Сотқа берген кезде негізгі несиені қалдырып, үстіне қосылған үстемақысын, штрафын алдырып тастауды сұраймыз. Негізгі төлемақының мөлшері мен үстемеақының көлемін сот бекітеді", - дейді ол.

Айтуынша, рұқсатынсыз осы кісінің атын жамылып, құжаттарын пайдаланғанда жеке куәлікті пайдаланады, осылайша қылмыстық іс қозғалады. Адвокат несие алар кезде толықтай ойланып алуға кеңес береді.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста