Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті барысында Корфу процесі деген тіркес жиі айтылады. Осы Корфу процесі жөнінде қысқаша анықтама беріп өте аласыздар ма?
Медет Әділжан, Талдықорған
Былтыр 28 маусымда ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен Грекияның Корфу аралында тұңғыш рет ұйымға мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің бейресми саммиті ұйымдастырылған болатын. Сонда ұйым төрағасы Грекияның ұсынысы бойынша арманға айналған «Бірыңғай Еуропаға» жету мақсатында 56 мемлекеттің ресми тұлғалары кәрі құрлықтағы ұлтаралық, нәсілдік дау-жанжал, шекаралық талас-тартыстарды реттеуші механизмді реформалау жөнінде және «анағұрлым қауіпсіз, анағұрлым тұрақты, анағұрлым қуатты Еуропа» тұрақты түрде консультациялар мен талқылаулар өткізіп тұруға бірауыздан келісті. Міне, осы бағыттағы Еуропадағы қауіпсіздік жөніндегі диалог «Корфу процесі» деген атауға ие болды. Корфу процесі деп ұйым кеңістігінде болып жатқан күрделі оқиғаларға байланысты қатысушы елдердің логикалық реакциясы деп тануға болады. Греция төрағалығы кезінде Афиныда ЕҚЫҰ-ның екі бірдей құжаты – Корфу процесі бойынша декларациясы және осы процесс туралы шешімі қабылданды.
Корфу процесі деген не?
Последние статьи автора