Саяси әдебиетте қолданылатын контрибуция ұғымының мағынасы қандай?
Бауыржан ТҮСІБАЛИЕВ, Алматы
2007 жылы басылып шыққан «Саяси түсіндірме сөздікте» көрсетілгендей, контрибуция (лат. contrіbutіo) – 1) жеңген елдің жеңілген елден бітімшарты бойынша алатын салығы. Контрибуция шын мағынасында жеңілген елді салық төлеуге күшпен көндіру, тонау болып табылады. Контрибуцияны белгілі бір халықаралық құқықтық жүйеге келтіру туралы мәселе бірінші рет 1874 ж. Брюссель декларациясында қаралды. Бұл мәселе 1899 жылғы Гаага конференциясында қайта қаралды. «Құрлықтағы соғыс заңдары мен рәсімдері туралы» ереже қабылданды. Бірақ мәселе түбегейлі шешілмеді. Бар шығынды, негізінен, жеңілген ел халқы көтереді. Мысалы, Германия 1870 ж. жеңілген Франциядан 5 млрд франк контрибуция алып, өзінің өнеркәсібі өркендеуін тездетті. Қазіргі халықаралық құқық контрибуцияға тыйым салған; 2) жаудың басып алған аймақтағы халықтан күшпен жинайтын ақшалай алымы.
Контрибуция деген не?
Последние статьи автора