Конькиді қалай күту керек?

Конькиді қалай күту керек?

Балалар үшін қыстың барлық қызығы мұзайдында ғой. Сырғанап үйренсін деп ұлыма жақында коньки сатып әпердім. Ұзаққа шыдауы үшін оны қалай күту керек немесе қайткенде коньки жақсы сақталады?
Айдар АҚҚОРҒАН,
Қарағанды
Коньки жақсы сақталып, ұзаққа шыдауы үшін бірнеше қарапайым шарттың сақ­талғаны жөн. Біріншіден, іші-сырты ылғал­данған жағдайда конькиді батареяда кептіруге болмайды. Өйткені ыстықтан коньки бүлінеді де, онымен сырғанау қолайсыз, тіпті аяқты ауыртатын болып қалады. Екіншіден, сырғанап болғаннан кейін әр жолы конькидің жүзін жақсылап тұрып сүртіп, құрғату керек. Себебі конькидің жауы жүзін тот басуы болып табылады. Кішкентай бір жері тоттанған күннің өзінде коньки нашар сырғанайтын болады және мұның соңы адамның тайып құлап, жарақат алуына ұласады. Конькидің жүзіне дұрыс күтім жасаудың басты шарты – оларды қаптар мен сөмкелерде ұзақ уақыт бойы қалдырмау. Яғни олар конькиді тасымалдауға ғана арналған.
Ал коньки жазда дұрыс сақталуы үшін оның бәтеңкесін аяқкиім кремімен, ал табанын тігін машинасының майымен майлау қажет. Сосын барып қана қағазбен ұқыптап орап, шкафқа салып қойған жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста