Төңкерістер белең алып жатқан мемлекеттер «коменданттық сағат» жариялап жатады. Осы ұғымның мағынасын ашып берсеңіздер. Коменданттық сағат қандай жағдайда жарияланады және ол не үшін керек?
Арман ЗЕЙНОЛДИН, Өскемен
Коменданттық сағат – арнайы рұқсаты жоқ адамдарға бей-берекет көше кезіп, қоғамдық орталарды аралап жүруге шектеу қойылды деген сөз. Ол арнайы белгіленген территория аумағында белгілі бір мерзімге ғана жарияланады (мұндай шектеу, әсіресе, түнгі уақыттарға қойылады). Мақсаты – төтенше жағдайлар мен тұрақсыздықтар пайда болған мекенде тәртіп орнатып, адам шығынын болдырмау. Коменданттық сағат ережелерінің дұрыс орындалуын арнайы белгіленген әскери бөлімше сарбаздары немесе құқық қорғаушы орган жасақтары қадағалайды. Жастарға ғана белгіленетін коменданттық сағат түрі болады. Мысалы, еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жастар тарапынан құқық бұзушылық көп байқалатын аудандар мен елді мекендердегі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың түн уақытында көше кезуіне тыйым салынып, жиі коменданттық сағат белгіленетін еді. Осыдан біраз жыл бұрын Алматы облысындағы ұлт өкілдерінің арасында түсініспеушіліктің арты үлкен дауға ұласып кетпеуі үшін коменданттық сағат жарияланған болатын.
Коменданттық сағат қандай жағдайда енгізіледі?
Последние статьи автора