Көлік жаңа болса да техбайқаудан өтті деген талон алуымыз керек пе?

Көлік жаңа болса да техбайқаудан өтті деген талон алуымыз керек пе?

Мен жақында ғана автосалоннан жылы жаңа көлік сатып алдым. Осы ретте елімізде «шыққанына жеті жылдан аспаған көліктерді техникалық байқаудан өткізудің қажеті жоқ» деген заң шыққан болатын. Алайда жол полициясы қызметкерлері мені тоқтатып, көліктің техникалық байқаудан өткізілгені жөніндегі талонды сұрады. Мен бұл көлік жаңа, оны техникалық байқаудан өткізудің қажеті жоқ десем, олар: бәрібір сіз көлікті техникалық байқаудан өткізетін мекемеден талон алуыңыз керек деді. Бұл қаншалықты заңды?

Арман, Алматы қаласы

Біз бұл сұрақты ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жолдаған болатынбыз. Күні кеше редакциямызға аталмыш комитеттің төрағасының орынбасары Қабылжан Майтыбаевтан жауап келді. Онда былай делінген:
-«Жол жүру ережесі туралы» ҚР 2014 жылғы 17-сәуірдегі №194-V Заңының 88-бабы 1-бөлігінің диспозициясы көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің, оның ішінде автомобиль көлігі саласында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын көліктің міндетті техникалық байқаудан өту мерзімділігі бойынша талаптарды айқындайды.
Осылайша, шыққанына жеті жылдан аспаған және автомобиль көлігі саласында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын (жолаушылар мен багажды тасымалдау, такси қызметі және т.с.с), М1 санатындағы көлік құралдары міндетті техникалық байқаудан өтуден босатылған.
Одан басқа, «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы нысанын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 17-мамырдағы №523 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті техникалық байқаудан өту кезінде оның байқаудан өткенін растайтын талонды беру алынып тасталды.
Көлік құралының міндетті техникалық байқаудан өткені туралы ақпарат ақпараттық ресурстарда орналастырылады.
Яғни, бұдан түсінгеніміз, егер сіздің көлігіңіз жаңа болса әрі шыққанына жеті жылдан аспаса, онда техникалық байқау өткізетін мекемеден талон алуыңыздың қажеті жоқ. Бұл ретте сізге жол полициясы қызметкерлері заңсыз шүйліккен деп есептейміз. Сондықтан егер қажет деп тапсаңыз, құзырлы орган қызметкерлерінің үстінен жергілікті прокуратураға немесе сотқа шағымдануыңызға әбден болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста