Елімізде жақында «Көк тудың желбірегені» деген атпен мүшәйра өтеді деп естіп едім. Осы жыр байқауының талап-ережелері қандай?
Жүкен Қызайұлы, Алматы облысы
Халықаралық деңгейдегі бұл мүшәйраны еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті мен Қазақстанның жас кәсіпкерлері бірлесіп ұйымдастырып отыр. Келіп түскен шығармалар жабық түрде бағаланатын байқауға шет елдердегі отандастарымыз, (әр мемлекеттен екі ақын) қатыса алады.
Мүшәйраның жүлде қоры төмендегідей:
Бас жүлде – 150 000 теңге)
І орын – 100 000 теңге
ІІ орын – 80 000 теңге
ІІІ орын – 50 000 теңге
Өтініштер 2013 жылдың қыркүйек айының 15-іне дейін мына мекенжай бойынша тіркеліп, қабылданады:
Астана қаласы, Абай даңғылы, 47 үй, Ramada Plaza қонақүйі, 703. Эл.пошта; kazfestival@gmail.com
Қосымша ақпарат алу үшін: Телефон-факс: 8 (7172) 39-07-20.
Ұялы телефон: +7 702 666 44 00, +7 702 377 55 77
Мүшәйра алдағы 3 қазан күні Алматыда шет елдерде тұратын отандастардың қатысуымен өтетін халықаралық өнер фестивалінің аясында ұйымдастырылып отыр.
«Көк тудың желбірегені» атты мүшәйра қашан өтеді?
Последние статьи автора