Клерикализм деген не?
Бұқаралық ақпарат құралдарында және саясаттанушылар кейде қолданатын клерикализм сөзінің мағынасы қандай?
Жандос НИЯЗБЕКОВ, Талғар
Саяси түсіндірме сөздікте жазылғандай, клерикализм – [латынша Clericalis – шіркеулік] – дамыған капиталистік және дамушы елдердегі қоғамдық саяси бағыт. Ол қоғам өмірінің әртүрлі салаларында дін мен шіркеудің ұстанымын күшейтуге тырысты. Бұқара арасында шіркеудің ықпалын күшейту үшін қазіргі клерикализм өз партияларын, кәсіподақтарын және шаруалардың, жастардың, әйелдердің және т.б. бұқаралық бірлестіктерін құруда. Бұл ұғымдарды пайдалана отырып, шіркеу басшылары капиталистік қоғамның негіздерін нығайтуға, «әлеуметтік татулық» орнатуға бағытталған идеяларды насихаттап отырады. Клерикализм Италияда, Германияда, Испанияда және т.б. елдерде өз күшін сақтап отыр.