Мен кітапханаға жиі барамын. Сонда бір байқағаным, кітаптардың 1 және 17-бетіне сол кітапхананың мөрі басылады екен. Барлық кітапханаларда солай. Осы орайда менің білгім келгені, неге кітаптардың нақты 17-бетіне мөр басылады?
Айгүл Айдарханова, Алматы қаласы
Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №154 жалпы білім беретін орта мектептің аға кітапханашысы, Балқия ҚОШҚАРБАЕВА:
– Ереже бойынша, кітапхананың мөрі кітаптың 1-бетіне төменгі жаққа және 12-бетіне, сол жақ төменгі бұрышқа, мәтіннің астыңғы жағына, сонан соң 17-бетіне, ал үлкен орталық кітапханаларда 32-інші бетіне басылады. Мұның себебі, кітап бірнеше баспатабақтан тұрады. Ал бір баспатабақта 16 бет болады. Тиісінше, екі баспатабақта 32 бет. 17-бетке кітапхана мөрінің басылу себебі: егер бірінші баспатабақ жыртылып, түсіп қалған жағдайда кітаптың қай кітапханаға тиесілі екендігін екінші баспатабақтағы мөр арқылы анықтауға мүмкіндік береді.