Антуан де Сент-Экзюперидің балалардың сүйікті шығармасына айналған «Кішкентай ханзада» атты ертегісінің қазақ тілінде кітап болып шығуы – бәріміз үшін қуанышты жайт. Бұл өзі әлем халықтарына ең танымал және ең көп тараған шығармалардың бірі көрінеді. Бұл туынды дүниежүзі бойынша қанша тілге аударылған?
Еркін ШЫҢҒЫС, Алматы
Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» атты әйгілі туындысы қазақ оқырмандарымен қауышты. Француз тілінен қазақшаға тікелей аударылған бұл кітап Қазақстандағы Француз жылы аясында, француз мәдениетін қазақ тілінде насихаттау мақсатында жарыққа шығып отыр. Кітап бұдан бұрын 2004 жылы Жанар Қонаеваның тәржімалауымен басылып шыққан. Бірақ жинақтың таралымы ол кезде шектеулі болған және Қазақстан мектептерінің кітапханаларына ғана берілген, сатылымға түспеген.
Осыдан 70 жыл бұрын жазылған шығарма алғашында ағылшын, француз тілдерінде басылып шығарылған. «Кішкентай ханзада» – әлем халықтарыне ең көп таралған кітап. Францияның Алматыдағы бас консулы Патрик Ренардың сөзіне жүгінсек, дүниежүзінің 265 тіліне тәржімаланған жинақтың 1300 басылымы және 145 миллионнан астам сатылған көшірмесі бар. Кітапты басып шығарған «Атамұра» корпорациясының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммедтің айтуынша, «Кішкентай ханзада» балаларға арналған шығарма болғанымен, оқып отырған кезде үлкендерді де ойға қалдырады. Әлемге танымал бұл кітапты енді еліміздегі кітап дүкендерінен сатып алуға болады.
«Кішкентай ханзада» қанша тілде сөйлеген?
Последние статьи автора