«Киото» бiзге де жеттi

«Киото протоколы» деген не? Оның Қазақстанға қатысы бар ма?
Алмас ЖОЛТАЕВ,
11-сыныптың оқушысы
Киото хаттамасы – Жапонияның Киото қаласында 1997 жылы қабылданған халықаралық құжат. Аталған хаттама Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы Бразилияда жасалған Негiздемелiк конвенциясын тиiмдi iске асыру мақсатында әзiрленген. Бүгiнгi күнi хаттаманы әлемнiң 184 елi ратификациялаған. Қазақстан да климатының өзгеруi туралы Негiздемелiк конвенцияны ратификациялады және 1999 жылы Киото хаттамасына қол қойған. Содан бергi он жыл iшiнде бұл хаттама қабылданған жоқ. Киото хаттамасы 6 парниктiк газға қатысты мәселенi реттейдi. Бұлардың iшiндегi көмiртегi оксидi, метан, азот оксидi Қазақстанда өндiрiлетiн болып отыр. Хаттама Негiздемелiк конвенцияны iске асыру жөнiнде үш бағыттағы тетiктердi көздейдi. Қазақстан осы үш бағыттың бiрiншiсiн ұстануды қолдайды. Ол  – Негiздемелiк конвенцияның 1 қосымшасына кiрмеген елдерге осындай қосымшаға кiрген елдер есебiнен парник газдарының шығарылуын азайту жөнiндегi әр түрлi жобаларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн таза даму тетiгi. Айта кетейiк, кеше ғана ҚР Парламентi Сенатының отырысында «БҰҰ климаттың өзгеруi туралы Негiздемелiк конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста