Ұйқыдағы келбетіне қарап та адамды тануға болады деген рас па? Ол қалай?
Рәзия Маратқызы, Алматы.
Бұл сөздің жаны бар. Жатқан жатысына қарап ұйқыдағы адамның мінез-құлқын, денсаулығын білуге болады. Мәселен, дені сау бөбегінің екі қолды жайып жіберіп, шалқасынан жататынын әрбір ана жақсы біледі. Есейгенде де адам сол үрдісті сақтап қалады, яғни, шалқасынан жатқан адамды көрсеңіз, оның денсаулығы, көңіл-күйі жақсы екенін біле беріңіз. Керісінше тұйық адамдар не болмаса біреудің еркіне тез көнетін жандар етбетінен жатады. Сенбесеңіз, тексеріп көруге болады. Ежелгі Египетте қожайындар құлдың балаларын солай етбетінен жатуға мәжбүрлейтін болса керек.
Жүрегі ауыратын жандар ешқашан сол жақ қырымен жата алмайды, керісінше бауырында кілтипаны барлар оң жағымен жата алмайды. Өз-өзіне сенімді, өр жандар аяқ-қолды айқара жайып ұйықтайды. Қорғансыз, өзін жалғыз сезінушілер көрпені бауырына басып, бүк түсіп ұйықтайды екен.
Кім қалай ұйықтайды?
Последние статьи автора