Кім нотариус бола алады?
Менің инженерлік жоғары білімім бар еді. Жеке нотариус болу үшін қандай талаптарға сай болуым керек?
Бекет ОСПАНОВ, Алматы
Нотариус Қазақстан Республикасында заңгерлік жоғары білімі бар, Әділет аттестациялық комиссиясынан аттестациядан өткендер, нотариустан кем дегенде бір жыл тәжірибеден өткен және нотариалдық қызметпен айналысуға құқы бар азаматтар бола алады. Ал белгіленген заңды тәртіппен сотталған және әлі қылмысы алынбаған тұлғалар, белгіленген тәртіппен қабілеттілігі жоқ тұлғалар, қылмыстық ісі тоқтатылған, еңбекке жарамсыз негіздегі тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес мемлекеттік нотариус қызметінен жіберілген қателіктері арқылы босатылған және нотариалдық қызметтің лицензиясын тоқтатқан тұлғалар нотариус бола алмайды. Жалпы, жеке және мемлекеттік нотариустар нотариалдық қызметтер көрсетуде тең құқылы болып саналады. Олар толтырған құжаттар занды күшін сақтайды.