КЕРЕК КЕҢЕС: Аптап ыстықты қалай өткізуге болады?

Жаз мезгілінің ыстық күндері судың жағасында демалғанға ештеңе жетпейді. Үйге салқындатқыш (кондиционер) орнатсақ, суық тигізіп алу қаупі бар. Олай болса, салқындатқыштың көмегінсіз ыстықтан қалай қорғанамыз?

Қолыңызды салқындатыңыз
Суық суы бар екі шағын бөтелке, мұзы бар пакет немесе ылғал сүлгі алыңыз. Оны шынтақтың бүгілген жеріне, мойынға және тізеге қойыңыз. Себебі, осы жерлерде қан теріге жақынырақ өтеді. Нәтижесінде жеңілдік сезінесіз.
Салқын душ қабылдаңыз
Салқын душты күніне бірнеше рет болса да қабылдауға болады. Салқын душтан соң едәуір жеңілдеп, көңіл күйіңіз де көтеріліп қалады.

Ыстық күндері терезені жабыңыз
Адамдардың көпшілігі ыстық күндері терезелерін ашып қояды. Ыстық күні ашық терезеден суық емес ыстық жел кіретінін ұмытпаңыз. Егер желдеткіңіз келсе, оны түнгі уақытта ғана ашқан жөн. Ал күндіз терезелерді жауып, бөлмені қараңғылап, пердені немесе жалюзді де жауып қойыңыз.

Бөлмені желдетіңіз
Егер ыстық күндері терезені жапсаңыз, үйдегі ауа тым тымырсық болса, онда үйді желдетіңіз. Ол үшін терезені ашып, қарама қарсы сыртқы есікті де ашыңыз. Мұндай өтпе желден суық тимейді.

Салқын тағамдар жеңіз
Тоңазытқышта тұрған көк сорпа (окрошка), балмұздақ және жемістер мен көкөністерді қолданыңыз. Тамақты жылыту кезінде отты қоспай микротолқынды пеште ысытқан жөн. Себебі отты қоссаңыз, бөлмедегі температураны жылдам ысытып жібереді.

С дәруменін ішіңіз
Егер С дәруменінің таблетка түрін қолдансаңыз, оның сыртындағы нұсқамада салмағыңызға қарай күніне қанша ішу керектігі жазылады. Ол қандағы оттек алмасуын іске қосып, ыстықты жеңіл көтеруге көмектеседі. С дәрумені цитрусты жемістерде де көп кездесетінін ұмытпаңыз.

Электр құралдарын өшіріңіз
Заманауи құралдардың (теледидар, компьютер, ноутбук және т.б) көпшілігі сөніп тұрған кезде де қызады. Сондықтан, егер оларды сол уақытта қолданбасаңыз, жай сөндіріп қана қоймай, тоқтан суырып тастаңыз.
massaget.kz порталынан алынды.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста