Үйге жылу берілетін қыс айларында бөлме өсімдіктерінің жапырақтары сарғайып, түсе бастайды. Басқа уақыттағыдай емес, өңдері кете бастайды. Гүлдерді құрғақ ауадан қалай сақтауға болады?
Бақыт СМАҚОВА, Қарағанды облысы
Күн суытқанда берілетін батареялардағы жылу бөлме ауасын құрғататыны белгілі. Соның салдарынан өсімдіктердің шеттері кеуіп, өздігінен түсе бастайды. Өсімдіктанушы мамандар мұндайда ылғалды қажет ететін тропикалық өсімдіктердің ыдысының сыртынан кашпо кигізуге кеңес береді. Гүлдерді құрғап кетуден сақтаудың тағы бір жолы – керамзит. Су құйылған жайпақ ыдысқа керамзит толтырып, гүлдің астына қойған абзал. Оның гүлдің жан-жағындағы ауаны ылғалдандырып тұруға ықпалы көп. Әрі өсімдіктердің жапырағына күнделікті су бүркіп тұру да пайдалы.
Керамзит гүлді құрғаудан сақтайды
Последние статьи автора