Кеңсеге қалай киінген дұрыс?!

Киімнің түр-түрі бар, талғамда да шек жоқ. Десе де, киім киюдің де әдебі бар екенін естен шығармау керек. Қайда бармаңыз, этикаға сай, сол баратын жеріңіздің қажетіне қарай киіну маңызды. Жаттығу залына биік өкшелі аяқкиім не тар белдемшемен бармайсыз ғой. Тура сол сияқты кеңсеге де киінудің өз нормалары мен талаптары бар.
Ендеше, кеңсеге қалай киінуге, нені киюге болмайтынын білесіз бе?

Тым қысқа киімдер

Қып-қысқа көйлек пен белдемшені не жамбасыңыз «жылтылдап» тұратын тым қысқа шалбарды (шорты) кеңсеге емес, кездесуге (қызмет бабымен емес, әрине!), қыдыруға киіңіз. Ал кеңсеге тізеңізден төмен түсірмесеңіз де, етегі сәл ғана жоғары болатын көйлектерді кигеніңіз жөн.

«Жалаңаш» көйлектер

Бұл топқа арқасы немесе кеуде тұсы тым ашық киімдер жатады. Тіпті жаға-жеңінің орнында жалғыз жіңішке баумен-ақ ілініп тұрған киім (көйлек, топ) түрлері де көп. Мұндай киімдер кеңседегі әріптестеріңіздің ойын басқа жаққа бөліп, олардың жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан да ол кеңсе әдебіне жатпайды.

Ерекше сәнді киімдер

Бойфренд-джинсылар, қысқа топ, түрлі жылтырақтармен көмкерілген, жыртық-жамаулары, жапсырмалары бар «сәнді» киімдерді киетін орын – кеңсе емес. Қызмет бабымен әр жастағы адамдармен сұқбаттас болып, бір жерде жұмыс істейтіндіктен мұндай киіммен кеңсеге кіру – кеңсе этикасын бұзу ғана емес, үлкендерді сыйламаудың да бір көрінісі. Сондықтан мұны да ескеру қажет. Әрине, кеңсеге сәнмен киінуге ешкім шек қоймайды. Бірақ шекараны біліп, талғаммен бірге талапты да естен шығармауды ойлаған жөн.

«Гранж» стилі

Киімдегі көлемді жазулар, түрлі суреттер, жыртықтар мен жапсырмалар, шаман көп жылтырақтар, салпылдаған баулар – мұның барлығына кеңседе тыйым салынады.
Сондай-ақ былғары шалбарлар, тор киімдер (блузка, көйлек, тіпті колготки, чулки), спорт киімдері, майка, гүлді-гүлді жейделер, тырысып, денеге жабысып тұратын киімдер, тағысын тағы.
Кеңсе – жұмыс орны екенін естен шығармау керек. Адамдар бұл жерге демалуға, не көңіл көтеруге емес, жұмыс істеуге барады. Сондықтан онда қатаң тәртіп болу керек. Тәртіп болған жерде ғана өнімді еңбек болмақ. Киінерден бұрын қайда барғалы жатқаныңызды есіңізге түсіріп алыңыз!

anabol.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста