Мен аурухананың жансақтау бөлімінде медбике болып істегеніме алты жыл болды.
Әсемгүл ӘМІРБЕКОВА, Қызылорда облысы
ҚР Еңбек кодексінің 41-бабына сәйкес, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру деп: 1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау; 2) орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретін жұмысты тапсыру; 3) жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру; 4) жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру есептеледі. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. Бұл ретте қызметкердің басқа жұмысқа ауысудан бас тартуы онымен еңбек шартын бұзуға негіз болмайды.