Кедейлікке әсер ететін 4 психологиялық фактор

Кедейлік деп – адамның табысы тіпті өмірлік қажеттіліктерге де жеткіліксіз болғанын айтамыз. Кедейлікке әкелетін түрлі сыртқы себептер бар, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

Көпшіліктің пікірінше, табыстың аздығы – адамның өз кінәсі. Негізінен бай болу өте оңай, тек адамның ішкі ниеті түзу болуы керек. Бірақ адам санасында қаржылық сәтсіздікке ықпал ететін кейбір психологиялық ерекшеліктер де кездеседі.

 

 1. Өзін-өзі дұрыс бағаламау

 

Өзін-өзі бағалау туралы сөз қозғағанда, көбінесе қарым-қатынастағы мәселелер мен ішкі күйзеліске назар аударып жатамыз. Бірақ бұл фактор адамның қаржылық жағына да кері әсерін тигізеді.

 

Өзін төмен бағалайтын тұлға жақсы табыс таба алатынына сенбейді және өзін жоғары айлыққа «лайық емеспін» деп есептейді. Мидағы шектеулерге байланысты тым ауыр әрі жалақысы аз жұмысқа қабылданып,  табысты көтеруді ешқашан сұрамайды. Мұндай адамдарды манипуляциялау да өте оңай. Оларға тек «ұнамаса - өтінішті үстелге қойыңыз, сыртта сіз сияқты жүз адам бар» және «мұндай жасаған жұмысыңыз үшін сізге ақы төленетініне риза болуыңыз қажет» деген сөздер болса жеткілікті.

 

 2. Күйзеліс

 

Күйзеліске түсу – қалыпты жағдай. Күйзеліс болашақта  өзге де қиындықтармен күресу оңайырақ болуы үшін болып тұратын қалыпты психологиялық жағдай.

 

Егер күйзеліс ұзақ уақытқа созылса жағдай әлдеқайда нашарлайды. Бұл адамның есте сақтау қабілетін нашарлатып, тұрақты алаңдаушылық пен қиындықта жылдам әрі дұрыс ойланбауды, соның ішінде қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдамауға әкеліп соғады. 

 

Сонымен қатар, күйзеліс тұйық шеңбер екенін атап өткен жөн. Әуелі ақшаның жетіспеушілігі стресті тудырады. Осыған байланысты адам ақпаратты өңдеу, жағдайды талдау және басымдықтарды анықтау қабілетін ішінара жоғалтады. Салдарынан екі есе шығынға ұшырайды. 

 

3. Үйренген дәрменсіздік

 

Бұл психологиялық кедергі туралы зерттеу нәтижелерінен соң екі түрлі көзқарас қалыптасқан.

 

Зерттеушілер бастапқыда жануарларға бірқатар тәжірибелер жүргізіп, теріс қорытынды шығарған. Егер біреу өзі басқара алмайтын қиын жағдайға тап болса ол оған үйреніп, бір нәрсені өзгертуге қабілетті екеніне сенімін жоғалтады.

 

Адамдарда жүретін процестер жануарларға қарағанда күрделірек. Алайда, дәрменсіздік жағдайы бізде де байқалады. Мұндай жағдайды бастан кешірген адам пассивті, өзіне ыңғайлы ортада болса да ойын өзгертіп, өмірін жақсартуға тырыспайды және шешім қабылдауға дайын болмай келеді.

 

Екінші талдауларға келсек, адам керісінше дәрменсіздікке үйренбейді. Ол дәрменсіз болып туылады, содан кейін жағдайдың және қоршаған дүниенің әсерінен оның іс-әрекеті нәтиже береді деген сенімге иелік етеді.

 

Қалай болғанда да, ең бастысы, егер біреу өмір бойы жасаған әрекеттерінен оң нәтижеге жетпесе, жұмсаған күш-жігері үшін сыйақы алмаса, сол деңгейге үйрене береді. Кедейлік ұғымында да дәл солай.

 

 4. Жағымсыз көзқарастар

 

Әрқайсымыздың өмірімізде тезірек шешім қабылдауға көмектесетін жағдайлар бар. Мысалы, «егер қазір жаттығуға барсам, ертең өкінбеймін, бірақ бармасам, өкініп қалуым мүмкін» немесе «бәрінен үздік болу мүмкін емес» деген тезистер бізге жаңа леп береді.

 

Материалдық әл-ауқатқа қатысты теріс көзқарастар адамның әрекетсіздігіне әкелуі мүмкін. Мысалы, бір адам барлық байлардың қылмыскер екеніне миын сендірсе әрі ол заңсыз әрекетке барғысы келмесе, онда ол көбірек табысқа ұмтылмайды.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста