Каспий теңізіндегі су деңгейі қалай? Теңіз суының тасу қаупі жоқ па?
Айбар, Маңғыстау облысы
«Қазгидромет» кәсіпорнының мәліметі бойынша, наурыздың 16-сындағы өлшемге қарағанда, Каспийдің солтүстігіндегі, яғни еліміздің шекарасына қарайтын аумағындағы Пешной, Жамбай, Қаламқас, Құлалы, Түлен аралы және басқа да тұрақтарындағы орташа су деңгейі көрсеткіші минус 27,5 метрге сәйкес келеді. Бұл – қалыпты жағдай. Солтүстік Каспийде қазір мұз жабынының көктемгі еруі басталды. Жамбай бақылау тұрағы аумағында мұздың қалыңдығы 7 см, тоңның ені 0,1 шақырымға созылып жатыр. Пешной тұрағында ені 15 шақырым, қалыңдығы 12 см болатын мұз бар. Теңіздің шығыс жағалауындағы Қаламқас тұрағында мұздың жарылуы байқалған. Каспийдің Ақтау порты аумағындағы су деңгейі көрсеткіші Махачкала (Ресей) тұрағындағы көрсеткішпен сәйкес келеді. Мамандардың мәліметінше, Форт-Шевченко теңіз стансысы аумағында тығыздығы 6-8 балл болатын ұсақ мұздардың қалқуы байқалған.
Каспийдің суы тасымай ма?
Последние статьи автора