Стерлеград басылымы банкомат "жеп" қойған карточканы бір минуттың ішінде қалай шығарып алуға болатыны туралы кеңес ұсынады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.
Үш қарапайым әрекет керек:
"Жою/Cancel/Отмена" батырмасын басып, жібермей ұстап тұру керек.
"Қызмет көрсетуді тоқтату" деген жазу шыққанша 10 секундтан бес минутқа дейін басып ұстап тұру керек.
"Жою/Cancel/Отмена" батырмасын жібермей, екінші қолыңызбен "Ия" деген батырманы басыңыз.
Басылымның жазуынша, картаңызды банкомат кері шығарып береді.