Кариб қоғамдастығы қандай ұйым?
Кариб қоғамдастығы сипаты жағынан қандай ұйым және оған қай мемлекеттер мүше?
Рауат Махамбет, Алматы
Кариб қоғамдастығы – халықаралық ұйым емес. Бұл – Оңтүстік Америка елдерінің сауда-экономикалық одағы. Бір қызығы – одақтың негізгі құрамында тек қана кіші әрі аралдық мемлекеттер бар. Ал Оңтүстік Американың 12 мемлекеті осы одақтың бақылаушы статусына ие екен. Олардың арасында Венесуэла, Колумбия және Мексика қоғамдастық құрамына өтуге мүдделі болып отырған көрінеді. Кариб қоғамдастығын көп жағдайда КАРИКОМ деп те атайды. Штаб-пәтері Гайананың Джорджтаун қаласында орналасқан КАРИКОМ ұйым болмаса да, құрылымы жағынан халықаралық ұйымдарға ұқсас. Мемлекет басшыларының конференциясы, министрлер кеңесі, Бас хатшылық, тұрақты комитеттер мен арнайы жұмыс топтары жұмыс істейді.