Ауылда кәрі жілікті үйдің төбесіне, биік жерге іліп жатады. Осы орайда кәрі жіліктің қандай қасиеті бар? Осы жілікке қатысты қазақы ырым-тыйымдар туралы білгім келеді.
Айсұлу РАХЫМОВА, Алматы облысы
Халқымыз кәрі жілікті кейде кәделі жілік деп те атайды. Бұл туралы этнограф Ғалия Қайдауылқызы: «Қазанға ет салғанда алдымен, кәрі жілікті салады. Кәрі жілікті мүжімейді. Табақ тартып болған соң кәрі жілікті тастамай, бөлек алып биіктеу жерге іліп қояды. Кәрі жілік шаңыраққа береке, бірлік, амандық, шақырады деп ырымдайды. Шаңыраққа ілінген кәрі жілік отбасының күзетшісінің, қорғаушысының рөлін атқарады. Мен жылына бір рет жылкөже – наурызкөжені пісіргенде міндетті түрде алдын ала сақтап қойған кәрі жілікті арнайы қосамын. Және оны жіпке тізіп, үйдің биік жеріне іліп, сақтап қоямын», – дейді. Сондай-ақ сыйлы қонаққа тартылған бастабақтың ішінде кәрі жіліктің де болуы міндетті көрінеді. Бастабаққа жамбас, жауырын, ортан жілік, кәрі жілік, асықты жілік, қазы-қарта салынады. Сондай-ақ қазақы ырым-тыйымдарда қыз балаға кәрі жілік ұстатпайды екен.
Кәрі жіліктің құпиясын білесіз бе?
Последние статьи автора