Әжесі немересіне баспанасын мұраға қалдырғысы келеді. Бірақ немересі – әлі есін білмейтін бала. Мұраға иелік ету үшін құжат рәсімдеуді бала кәмелетке толған соң қолға алу керек пе, әлде қазірден-ақ мұрагерлікті тіркеуге бола ма?
Аянат Жұмағалиева, Қызылорда облысы
ҚР Азаматтық кодексінің баптарына сәйкес, мұрагерлік құқыққа ие болу үшін тікелей заңды мұрагердің 18 жасқа толуы міндетті емес. Аталған заңға сәйкес, мұраға иелік ету өтініш жазылғаннан алты ай мерзім өткеннен кейін басталады. Ол үшін нотариусқа төмендегі құжаттар ұсынылуы керек:
– мұрагердің туысқандық қатынасын растайтын құжаттар;
– мұра қалдырушының жеке басын куәландыратын құжаттар;
– мұраға қалған мүліктің құжаттары.
Кәмелетке толмаған бала құжат бойынша мұрагер бола ала ма?
Последние статьи автора