Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Кәкімжан Қазыбаевтың өмір дерегін білгім келеді. Ол кісі қандай жауапты қызметтер атқарған?
Әубәкір РЫМҒАЛИ, Астана
Кәкімжан Қазыбаев 1929 жылы 10 мамырда Алматы облысы Сарқант ауданындағы Ағарту совхозында, қазіргі Кәкімжан Қазыбай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдарында колхозда есепші болудан бастаған. 1952 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік аяқтаған. Әр жылдарда республикалық «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінде редактордың орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, хатшысы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, ҚазТАГ-тың директоры, «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы болып қызмет еткен.
1986 жылғы әйгілі Желтоқсан көтерілісі кезінде К.Қазыбаев үлкен қайраткерлік танытты. Сол жылдары ол Ақмола облысында неміс автономиясын құруды көздеген Мәскеуге қарсылық білдіріп, ұлт намысын батыл қорғағандардың алдыңғы легінен көрінді. 1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты кезінде «Тіл туралы» Заңның қабылдануына үлкен үлес қосты.
Кәкімжан Қазыбаев қандай қызметтер атқарған?
Последние статьи автора