Іссапардың бір күніне ақы төленбейтіні рас па?

Мен орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Біліктілікті арттыру курсына сәуір айында үш күн іссапармен бардым. Бірақ есептеу бөлімі маған тұрғын үй жалдау шығыстары мен тәулiктiк төлемдерді тек екі күнге және бару-келу жол шығынын төлеп отыр. «Неге үш күнге төлемейсіздер?» десем: «Жаңа ереже бойынша бір күн қысқартылады», – дейді. Есепшінің осы уәжі заңды ма?
Жаңылай Аймаханова,
Оңтүстік Қазақстан облысы
 Қазақстан Республикасы Еңбек ко­дек­сінің 1-бабына сәйкес, iссапар – жұмыс бе­рушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мер­зiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жi­беру, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқу­ға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу.
Кодекстің 152-бабына сәйкес іссапар уа­қы­тында қызметкердiң жұмыс орны (лауа­зы­мы) мен жалақысы сақталады.
Іссапарларға жiберiлетiн қыз­мет­кер­лер­ге:
1) қызметтiк iссапарда, оның iшiнде жол­­да болған күнтiзбелiк күндерi үшiн тәу­лiк­тiк төлемдер;
2) баратын жерiне дейiнгi және керi қай­ту­да­ғы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй жалдау шығыстары тө­ле­недi.
Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң та­лаптары мен мерзiмдерi еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.
Мемлекеттік мекемелерде іссапар шы­ғы­старды төлеу тәртібі «Мемлекеттiк бюд­жет­тiк есебiнен ұсталатын мемлекеттiк ме­кемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақ­­стан Республикасының Парламенті де­путат­тарының Қазақстан Республикасының ше­гiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыр­күйек­тегі №1428 қаулысымен бекітілген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста