Интерполдың міндеті не?

Интерполдың міндеті не?

Интерпол жайлы көп естиміз. Бұл мекеме қай елдікі және ол қандай принциптер бойынша жұмыс істейді?
Нұрым АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ,
Қостанай облысы

«Интерпол» атауы – «Халық­аралық қылмыстық істер полицейлер ұйымы» деген атаудың (International Criminal Police Organization) қысқар­тылған түрі. Ол ешбір елдің меншігі емес. Ха­лықаралық ұйым болған­дықтан, мүше мемлекеттердің тең құ­ралы болып есептеледі.
ХХ ғасырдың басында-ақ негізі қа­лана бастаған бұл ұйым ресми түрде 1946 жылы бекітілді. Бүгінде оған 186 мемлекет мүше. Интерпол мүшелігінің көлемі жағынан БҰҰ-дан кейін екінші орында тұр. Негізгі мақсаты – ұйым құрамындағы елдер­ге тән құқық қорғаушы органдар ара­сында күш біріктіру. Интерпол қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатын­да көптеген ауқымды шараларға ба­рады, атап айтқанда, халықаралық іздестіру жұмыстары, ел мен елдің арасындағы адам саудасын тоқтату, еларалық ұйымдасқан қылмыстық топтарды тұтқындау, есірткі тасыма­лымен күресу, экономика және жо­ғары технологиялар арқылы жасала­тын қылмыстарды әшкерелеу, жал­ған валюта мен құжат басып шығарушы қылмыскерлерді құрық­тау, терр­оризм­ге қарсы күрес де­гендей негізгі бағыттарда жұмыс істейді. Аталмыш ұйым діни, нәсілдер арасындағы, саяси, әскери істерге араласпайды. Орталық штаб-пәтері Францияның Лион қаласында ор­наласқан. Ұйым мүшелерінің жина­лысы әр жыл сайын бір рет өткізіліп отырады. Төрағасы төрт жылда бір сайланады.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста