Келешекте әлеуметтік желілердегі жәнге өзге де хабар алмасу функцияларындағы хабарламаларды шифрлауға біртіндеп тыйым салынады әрі интернет нарығындағы корпорациялардың ықпалы артады.
Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Internet Archive коммерциялық емес ұйымның бұл тараптағы болжамды дерегіне жөн сілтеген ZDNet ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Аталмыш ұйым сарапшыларының айтуынша, интернеттің келешегі бұлыңғыр әрі ширек ғасырдан кейін корпорациялардың ықпалы артады.
Дәлірегі, мұндай болжам Wayforward Machine («Болашаққа саяхат жасауға арналған машина») деп аталатын Internet Archive жобасында айтылған. Оның көмегімен интернет пайдаланушылары өздерінің қадағалайтын сайтының 25 жылдан соң қалай өзгеретінін көре алады.
Десе де барлық ресурс үшін ортақ ереже сақталып қалады: интернеттегі қандай да бірресурсқа кіру өз кезегінде адамның жеке басын растайтын құжаттарды жүктеу талап етілетін болады.
Сарапшылардың болжамы бойынша осыдан кейін интернет пайдаланушысына өзі таңдаған сайтқа кіргені үшін ақы талап етілуі мүмкін немесе күмән тудырмайтын тегін нұсқасын пайдалануды ұсынуы ықтимал.
Сонымен қатар, шифрлаудың алынып тасталғанын интернет пайдаланушысына ескертуі мүмкін. Кейде интернет пайдаланушысы кіргісі келетін парақшаның бұғатталғаны жөнінде хабарлайтын болады.
Бұдан бөлек, сенас кезінде интернет пайдаланушысын корпорациялар ойлап тапқан түрлі жарнамалар мезі етуі мүмкін.
Осылайша интернет біртіндеп бұқараның игілігі болудан қалады.
Бұл - Internet Archive негізін қалаушы Брюстер Каленің (Brewster Kahle) пікірі.