Инклюзивті сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге үстемеақы беріле ме?
Мектепте оқытылатын инклюзивті сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің жалақысына 50 пайыз үстемеақы берілуі керек пе?
Мәдина ТОҚМҰРЗИНА, Ақмола облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен реттеледі. Білім саласының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстемеақылар Қаулының 4-қосымшасында белгіленген. Бейіндік бағыттағы жекелеген пәндерді тереңдете оқытқаны үшін қосымша ақы Қаулының 4-қосымшасында белгіленген, оның ішінде жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың), жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін ұйымдардың (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу тәрбие кешендерінің), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және білім беру ұйымдарының бейіндік бағыттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлеріне БЛЖ-дан 20 % белгіленген.