Имплементация халықаралық келісімдерге икемделу ме?

Жиі қолданылатын «имплементация» ұғымын ұлттық құқықты халықаралық құқыққа лайықтап жасау деп түсіну керек пе? Олар бір-біріне қайшы келмей ме?
Марал,
Алматы облысы
Имплементация (лат. implemen­ta­tio – енгізу, жүзеге асыру) – ұлттық құ­­қықтық жүйеге халықаралық не­ме­се шетелдік құқық нормаларын енгізу про­цесін сипаттайтын термин. «Импле­мен­тация» термині көбінесе мемлекет ха­лықаралық-құқықтық актіні рати­фи­кациялағаннан кейін басталады, бі­рақ халықаралық құ­қық норма­ла­ры­ның ұлттық құқыққа им­пле­мен­та­циясы ратификацияға де­йін де жүзеге асы­рылады. Им­пле­мен­тация белгілі бір халықаралық шарт­тың қатысушы мем­лекетінің ха­лық­аралық құқық нор­маларын ішкі заң­намада қай­та­лау­мен бай­ла­нысты ғана құқық шы­ғар­машылық әреке­ті­мен шектелмейді. Ол ха­лықаралық-құқықтық нор­ма­лар­ды тікелей жүзеге асыруға бай­ла­нысты ұйым­дас­ты­ру­шылық сипаттағы шара­лар ке­ше­нін жүргізуді көздейді. Мемлекеттер тәжірибесінде ұлттық-құқықтық им­пле­ментацияның екі негізгі тәсілі қол­данылады: біріншісі – халықаралық міндеттемелерді орын­дау мақсатында жаңа норма­лар­ды шығару, өзгерту немесе қазір­гі ұлттық құқық норма­ла­рының кү­шін жою. Екіншісі – халық­ара­лық құ­қық нор­малары (шарттық және (не­месе) әдет­тегі) ұлттық құқық ая­сын­да, мем­лекет ішінде тікелей әре­кет ете ала­тындай ұлттық құқықты ха­лық­аралық құ­қыққа сілтеме жа­сау. Бірақ қандай жағдай болсын ұлт­тық заңдар ха­лық­аралық келісім­дер­­ге қайшы кел­меуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста