Императивтік мандат деген не және бұл мандат түрі қай елде бар? Қазақстанда ондай мандат түрі бар ма?
Қайрат Әбілхан, Алматы
Императивтік мандат – аманаттық мандат дегеніміз – конституциялық құқықта өкілетті органның депутаты сайлаушылардың аманатын арқалап, өзінің өкілеттік мерзімі біткенше олардың алдында жауапты болуға тиіс екені баяндалған ереже. Императивтік мандат жағдайында сайлаушылардың сенімін ақтамаған депутатты мерзімінен бұрын кері шақырып алу мүмкіндігі заң жүзінде белгіленеді. Императивтік мандат социалистік елдерде, атап айтқанда, КСРО, Венгр Халық Республикасында, Чехословакияда, Польшада, Румынияда қолданылған. Дегенмен бірқатар авторитарлық елдерде әлі де сақталған. Демократиялық мемлекеттерде императивтік мандат ұлттық өкілеттілік принципіне қарама-қайшы келетіндіктен қолданылмайды. Әйтсе де Германия парламенті палаталарының бірі – бундесратта императивтік мандат нышаны бар. Сайлаушылардың дауыс беруі арқылы емес, федерация үкіметінің ұсынуымен сайланатын бұл палатаның депутаттары өз үкіметінің нұсқауларын іске асыруға тиіс. Пропорционалды сайлау жүйесінде императивтік мандатты қолдану мүмкін емес. Қазақстанда Парламент депутаты қандай болсын аманаттық мандатқа тәуелді емес.
Императивтік мандат деген не?
Последние статьи автора