Иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет?

А, В, С, Д, Е дәрумендері иммунитетті нығайтады. Дұрыс тамақтану да денсаулықты күтуге көп пайдасын тигізеді, дейді Шолпан Оразалы
Нұр-Сұлтан қалалық №1 емхананың учаскелік терапевт дәрігері Шолпан Оразалы иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет екенін айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Күз және қыс мезгілдерінде ауа-райының салқындауына байланысты ЖРВИ және басқа инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі жоғарылайды. Әсіресе дәл қазіргідей бүкіл әлемдік пандемиялық жағдайда денсаулықты күтіп, иммунитетті көтеру маңызды. Мұндай жағдайда таза ауада тыныстап, жаттығулар жасап, жаман әдеттерден арылу арқылы ағзамызға көмектесе аламыз. 

Салауатты өмір салтын сақтап, күнделікті толыққанды 7-8 сағаттық ұйқы және эмоционалды тыныштықты қамтамасыз ету де маңызды. Сонымен қатар микроэлементтер мен дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну арқылы қысқа уақыт ішінде ағзаның резервтік күшін жоғарылатып, әр түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін күшейтуге болады.

Дәрігердің айтуынша, иммунитетті нығайту үшін А, В, С, Д, Е дәрумендері қажет. Кейбір дәрумендерді ағзаның өзі түзуге қабілетті, мысалы D дәрумені күн сәулесінің әсерінен біздің терімізде түзіледі.

"Біз тұратын Нұр-Сұлтан қаласында күн сәулесі аз түсетіндіктен, елордалықтарға D дәрумені жетпей жатады. Тіпті, бізге келетін 5 науқастың 2-еуінде Д дәрумені жеткіліксіз десе де болады", - дейді Шолпан Оразалы.
Дегенмен, әуелі ағзаға қандай дәрумендер қажет екендігін анықтап алу керек. Дәрігер ол үшін емханаға барып, арнайы анализ тапсыру керек екенін атап өтті.

"Яғни дәрігердің кеңесіне жүгіну арқылы қандай дәруменді және қанша мөлшерде ішу керектігін білесіз. Егер де өзіңіз аламын десеңіз, онда жас ерекшелігіңізді, тамақтану рационыңызды ескеру қажет. Мысалы, қазір диетада болсаңыз, онда қандай дәрумендерге мұқтаж екендігіңізді ескерген жөн. Сонымен қатар, дәрумендерді таңдауда сенімді, халықаралық дәрежеде тексерілген, медициналық сараптамалар мен зерттеулерден өткен фармацевтикалық компаниялар өндіретін дәрумендерді тұтынған дұрыс", - деп түсіндірді Шолпан Оразалы.

Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, дұрыс тамақтану да иммунитетті нығайтуда көп пайдасын тигізеді. Көкөністер, жемістер, ет, сүт, жаңғақтар, ботқа &ndash қажетті микроэлементтерге бай азық-түліктер.

sputniknews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста