«Грэмми» деген қандай сыйлық?

«Грэмми» деген қандай сыйлық?

«Грэмми» сыйлығын кімдер тағайындайды және ол қашаннан бастап беріліп келе жатыр? Тек әншілерге ғана табыс етіле ме? Ол сыйлықты алған қазақ бар ма?
Алмас МАНАПОВ,
Алматы

Тарихта тұңғыш рет «Грэмми» сыйлығының табыс етілген күні 1958 жылдың 14 наурызы болып табылады. Ең алғаш граммофон аспабының пайда болғанына 80 жыл толу құрметіне орай ойлап табылған осы бір премияның символдық кәдесыйы да – алтыннан құйылған граммофон. 52 жылдық тарихы бар осы сыйлық АҚШ-тың ұлттық мақтанышы деуге болады. О баста АҚШ-тың дыбыс жазушы компаниялары қауымдастығы ұйымдастырған осы премияны табыс ету құқығы – бүгінде Өнер және дыбыс жазу техникасы ұлттық академиясының құзырында. «Грэмми» сыйлығы тек әншіге ғана емес, жалпы жыл бойына музыкаға қызмет еткен музыкантқа, сазгерге, әрлеушіге, продюсерлер мен дыбыс инженерлеріне, режиссерлер мен тіпті техникалық қызметкерлерге де арнайы табыс етіледі. Осы уақытқа дейін 50 жылдан астам тарихында «Грэммиді» алған өнерпаздардың ішінде Элвис Пресли, Джон Леннон, «Иглз», Шинед О’Коннор, «Джетро Талл», Тина Тернер, Джордж Бенсон, Би Би Кинг, Боб Дилан, «Ю-ту» (U2), Уитни Хьюстон, Стинг, Мадонна, «Депеш Мод» сынды дарынды өнерпаздар бар. Ал осыдан үш-төрт жыл бұрын қайтыс болған әйгілі пианист, саксофонист, композитор, вокалист Рэй Чарльз болса, оны өмірінде 12 мәрте алған екен. Өкінішке қарай, әзірге «Грэммиді» алған қазақ жоқ.
Жыл сайын «Грэммиді» табыс етуге арналған салтанатты кешті өткізуге Лос-Анджелес пен Нью-Йорк таласатын көрінеді, себебі осы бір кештен қала қазынасына 35-40 миллион доллар табыс түседі екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста