Жыл сайын Жеңіс мерекесінің қарсаңында Ресей және ТМД-ның басқа да бірқатар елдерінде георгиевтік лента акциясы өтіп тұрады екен. Бұл не қылған акция?
Мәншүк Махамбетова, Шымкент қаласы
Георгиевтік лента акциясы 2005 жылдан, яғни Ұлы Жеңістің 60 жылдығынан бері өтіп келеді. Ол жыл сайын 24 сәуір мен 12 мамыр аралығында ұйымдастырылады. Бұл акция Ресейден бөлек, Украина, Грекия, Франция, Эстония, Вьетнам, Италия, Латвия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Бельгия және Ауғанстан елдерінде белсенді түрде өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – Ұлы Жеңісті жаңа ұрпақтың есінен шығартпау және сол күнге тағзым ету. Бұл акциялар «Бабамның жеңісі – менің жеңісім», «Менің есімде, мен мақтанамын», «Біз – Ұлы Жеңістің ұрпақтарымыз» тағы да басқа ұрандармен өтіп тұрады.
Айта кетейік, георгиевтік лента сары және қара жолақтан тұрады. Лентаның қара жолағы түтінді білдірсе, сары жолағы алаудың белгісі болып табылады. Сондай-ақ тағы бір қоса кетеріміз, георгиевтік лентаны сатуға болмайды және саяси бағытта қолдануға болмайды.