Генерал-лейтенанттың шені генерал-майордан неге үлкен?
Білуімше, генерал-майор деген әскери атақ генерал-лейтенанттан төмен болып есептеледі, сол неліктен?
Миғражаддин САДЫҚ, Қызылорда
Әскери атақтың өзінің иерархиясы бойынша генерал-лейтенант генерал-майордан жоғары тұрады. Себебі генералдар үшін иықтағы жұлдыздардың көлемі рөл ойнамайды, барлық жұлдыздары бірдей болады. Ал офицерлердің иығындағы жұлдыздар үлкенді-кішілігімен ерекшеленеді. Лейтенантқа екі кішкене жұлдызша берілсе, майор бір ғана үлкен жұлдыз алады. Осылайша генералдар арасында жұлдыздың үлкені мен кішісі болмайтындықтан, алдымен – майор, содан кейін барып қос жұлдызды лейтенант атағы беріледі. Ең жоғары шенді генерал төрт жұлдыз тағады. Мұндай армия генералдары Қазақстанда екеу. Сағадат Қожахметұлы мен Мұхтар Қапашұлы. Республика бойынша генералдардың жалпы саны 50-ге жуықтайды.