Генерал атамыз қандай отбасынан шыққан?

С.Нұрмағамбетов атамыздың шыққан ортасы мен отбасы қандай болды? Ол кісі қай жаста қандай әскери дәрежеге қол жеткізді?
Жәнібек Саматұлы,
Талдықорған қаласы
Ақмола облысының Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған генерал Сағадат Нұрмағамбетов атамыздың балалық шағы қиын­­дыққа толы өрбіген. Ең әуелі ол кісі өз әкесін көрмеген, яғни, әкесі Қожахмет қайтыс болғанда анасының құрсағында қалған. Ал анасы Айса болса, бала Са­ға­дат жетіден жаңа асып, 8-ге тол­май тұрған кезін­де дүниеден озып­ты. Шамамен ол ашаршы­лық тұсы болса ке­рек. Ағасы Са­ғит соғыстан орал­­маған. Ал Са­ға­дат Нұр­мағамбетовтің өзі де со­ғыс­қа буы­ны бекімеген тұсын­да сұ­ран­ған. Алайда жасының кә­ме­ле­т­ке толмауына байла­ныс­ты май­данға бірден аттануға рұқсат бермепті. Бірақ өжет әрі ел қорғауға соншалықты құм­был жас онымен тоқтамай, жас пуле­мет­шілер мектебіне ба­рып, ат­қыш­тығымен көзге тү­се­­ді де, 8 ай ішінде лейтенант ата­ғын алып шығады. Солайша соғыс май­данына аттанған бо­ла­шақ генералдың жасы не­бары 18-де еді. Ал 20 жаста ол кісі Кеңес Ода­ғының Батыры ата­ғын алған. 21 жа­сында майор ата­ғын алып, Берлинге атқыш­тар батальонын басқарып кір­ген.
Сағадат Нұрмағамбетов бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген үл­­гілі әке де болды. Бүгінде олар­­дан тараған немерелерінің ал­ды 30-ға толған жайы бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста