Ғарышқа ұшқан ғарышкерлер үшін сол жақта спортпен айналысуға жағдай жасалған ба?
Жазира Исаева, Тараз қаласы
Ғарыштағы ғарышкердің өз бабын дереу жоғалтып алатыны бұрыннан дәлелденген. Оны ғарышкер жерге қонғанда анық байқап жатамыз. Екі жағынан екі кісі демемесе, құлап қалатынын бәріміз білеміз. Мұны мамандар ғарышта адамның бұлшық еті әлсіз жұмыс істейтіндігімен, сондай-ақ ағзаға қажетті кальцийдің жоғалуымен түсіндірген. Ғарышқа ұшқан ғарышкерлердің айына екі пайыз кальцийін жоғалтатыны белгілі болды. Ал кальций дене мүшелерінің қозғалысы, ауыр физикалық жаттығулар кезінде қалыпқа келіп отыратындығын білеміз. Ғарышта физикалық жаттығулар жасау мүлдем мүмкін емес. Осыны ескерген мамандар ғарышкерлерге арнап, арнайы жаттығу құрылғысын ойлап шығарды. Вакуумдық цилиндр жүйесінің арқасында ғарышкерлерге арналған жаттығу құрылғысы кез келген жаттығуды алмастыра алады. Ғарышкерлік жаттығу құрылғысымен бір мәрте жаттығудың өзі велосипедпен екі сағат жүргенмен тең екен. Тіпті америкалық ғарышкер Сунита Вильямс бұл құрылғымен ғарышта марафонға жүгіріп көріпті. Міне, бүгінде спорт – барлық жерде, тіпті ғарышта да бар деген сөз.
Ғарышта да спортпен айналысуға болады
Последние статьи автора