Ғаламдық жылу неге апарады?
Мәңгілік мұз басып жатқан Арктика ғаламдық жылу құбылысын тудырып отырғанын білемін. Ол қазір қаншалықты еріді?
Асыл ҚОЙҒАБЫСОВ, Семей
Арктиканың мәңгілік мұз жамылғысы осы ғасырдың аяғына қарай еріп кетуі мүмкін. Солтүстік мұзды мұхитта болып жатқан жағдайды зерттеуші америкалық ғалымдар осындай тұжырым жасап отыр. Зерттеу нәтижесі бойынша, сарапшылардың айтуына қарағанда, арктикалық мұздың еруі бұған дейін айтылған жылдамдықтан да тез жүріп жатыр. НАСА-ның (Аэронавтика мен ғарыштық кеңістік зерттеулері жөніндегі ұлттық басқарма) өкілдері 10 жылдағы Арктика мұзының еру жылдамдығы 9 пайыз, ал температурасы Цельси көрсеткіші бойынша 1,3-ке артып отырғандығын анықтаған. 1979-2000 жылдар аралығындағы мәлімет бойынша зерттеушілер Бофорт пен Чукотский теңіздерінде мұздың ерекше еруін байқаған. Карск пен Шығыс-Сібір теңіздерінде де мұздың мөлшері азаюда. Арктиканы зерттеу жобасының жетекшісі Джозефино Комисо «Арктикадағы мұздың еруін дер кезінде тоқтатпаса, ол тек осы аудандағы климатқа ғана емес, әлемдік мұхит деңгейіне әсері болмаса да, бүкіл ғаламшардағы климатқа әсер етеді» дейді.