Футбол добы қандай болу керек?
Немерем футбол ойнағысы келiп, «доп сатып әпер» деп қоймай жүр. Базарға барсам, оның екi түрi бар екен. Бiреуi – резеңкеден, екiншiсi былғарыдан жасалған. Қайсысын алғаным дұрыс?
Қожабек СЕРКЕБАЙ, Меркi ауданы
Әлбетте, былғары доп резеңкеден жасалғанына қарағанда әлдеқайда төзiмдi болады. Оның үстiне, резеңкеден жасалған доппен аяқтың сiңiрiн шығарып алу қаупi басым. Тек қымбаттырақ демесеңiз, футбол ойнауға былғары доп тиiмдi. Айта кетейiк, спорт дүкендерiнде олардың тәуiрлерiнiң бағасы 2000 теңгеден басталса, резеңке допты 300 теңгеге де табуға болады.
Бүгiнде қолданылып жүрген халықаралық стандартқа сай доптың мөлшерi (нөмiрi) – бесiншi, сыртқы диаметрiнiң жалпы өлшемi – 68-70 сантиметр аралығында. Ал салмағы – 450 грамм. Тағы бiр қызықты жайт, 1970 жылғы әлем чемпионатына дейiн футболшылар волейбол добына ұқсас доппен ойнапты. Ал қазiргi доптың стандарты қандай болу керек екенi 1937 жылы бекiтiлген.