Франшиза деген не?
Көлігімді сақтандырудың еркін түрімен сақтандырайын деп едім, агент франшиза туралы әңгіме айтты. Ол не нәрсе? Құрмет ОРАЗОВ, Шымкент
Франшиза француздың franchise (жеңілдік) деген сөзінен шыққан. Сақтандыру ісіне қатысты айтсақ, бұл – сақтандыру жағдайы орын алған кезде шығынның өтелмейтін бөлігі. Мысалы, «АвтоКаско» бағдарламасы бойынша сақтандыру компаниялары көлікті жол апатынан ғана емес, табиғи зардаптардан, ұрланудан, бір заттардың құлап кетуінен сақтандырады. Сақтандыру компаниясы бірнеше қауіп-қатерге жауап бергендіктен, өзіне кішігірім шығындарды өтемеу туралы жеңілдік қарастырады. Франшиза мөлшері 1 мыңнан 3-4 мың теңгеге дейін болуы ықтимал. Сондықтан осындай аз-маз шығынды сақтандыру компаниялары өтемейді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу