Флорбол деген де спорт бар ма?

Флорбол деген де спорт бар ма?

Флорбол деген де спорт түрі бар ма? Ол қандай спорт? Аталуына қарап ботаникамен қатысы бар ма деп ойлап қалуға болады екен.
Мақпал ТҮСІП,
Балқаш қаласы

Ботаникаға ешқандай қатысы жоқ. Флорбол деген – командалық спорт түрі. Ауызекі тілмен айтқанда, залдағы допты хоккей ойыны. Тек мұзайдын үстінде емес, паркет (еден) үстінде ойналады. Алаңының ауданы – 40х20 метр. Шайбалы хоккейдегідей жабық жақтаулары бар. Бұрыштары доғаша иілген. Қақпасының биіктігі – 1,60 м, ені – 1,15 м. Таяқшаларының ұзын­дығы – 1 м (пластиктен жасалады). Доп пластмассадан жасалады. Диаметрі – 72 мм. Салмағы 23 грамнан аспайды.
Әр команданың сапында – бес ойыншы, бір қақпашы болады. Матч барысында алаңдағы ойыншыларды алмастыра беруге болады. Оған шектеу қойылмайды. Допты аяқпен тоқтатуға болады, тек таяқшамен қақпақылдап ойнау керек. Бір ойын 20 минуттық үш кезеңнен тұра­ды. Ойын ережесін бұзған ойыншылар алаңнан қуылады. Кейде айып соққысы беріледі. Бұл ойын Солтүстік Еуропада пайда болған. Бір қызығы, бұл спорттың атауы әр елде әрқалай аталады. 80-жылдардың ортасында Швецияда Халықаралық флорбол федерациясы құрылып, осындай халықаралық атау берілген.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста