Физика-математика мектеп-интернатының қабылдау емтиханы қашан?

Баламның физика-математика пәндерінен үлгерімі жақсы. Оны Алматы­дағы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебіне бергіміз келеді. Биыл онда қабылдау емтихандары қай кезде басталады, қандай құжаттар керек?
Айжан Дербісәлиева,
Ақтөбе қаласы
О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мек­теп-интернаты осы пәндерге қабілеті бар оқушыларды 9-10 сыныптарға қабыл­дай­­ды. Мұнда республикалық пән олим­пиа­да­лары мен қалалық деңгейдегі    О.Жәу­­тіков олимпиадасының жеңімпаз­да­ры сұх­бат­тасудан кейін байқаусыз қа­был­данады. Ал жыл сайын сәуір айында өтетін республи­калық «ФизМат» бай­қа­уы­ның жеңімпаз­дары мектеп-интернатта маусым айында өткізілетін жазғы лагерь­де оқығаннан ке­йін мұнда іріктеу сыны негізінде түсе ала­ды. Биыл 8-9 сыныпты бітірген қабілетті оқушылар қабылдау емтиханы үшін мау­сым­ның 10-19 аралы­ғында құжат тапсы­руы тиіс. Қажетті құ­жат­тар: ата-ананың арнайы үлгідегі өті­ні­ші (қабылдау комис­сия­сын­да жазы­лады); Туу туралы куәліктің кө­шір­месі; денсаулығы жөніндегі 086-У анықта­ма­сы; 5-сыныптан бергі оқу үл­гері­мі жөнін­дегі табельдердің көшірмесі; 3х4 өлшем­дегі екі түрлі-түсті құжаттық фотосу­рет. Аймақтардан келіп, емтихан­нан сәтті өткен оқушыларға жатақхана беріледі. Білім алу тегін. Толық мағлұмат­ты www.fizmat.kz сайтынан алуға бола­ды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста