FIFA-ға қанша ел мүше?

FIFA-ға қанша ел мүше?

Бүгінде ең ірі спорт ұйымдарының бірі FIFA екені белгілі. Аталмыш ұйым қай жылы құрылған? Бүгінде оған қанша мемлекет мүше?
Қуаныш АНДРЕЕВ,
Шымкент қаласы
Ресми түрде FIFA-ның туған күні болып 1904 жылдың 21 мамыры саналады. Сол күні Парижде жеті елдің басқосуымен әлемдік футбол федерациясын құру туралы құжатқа қол қойылған болатын. Оның алғашқы мүшелері Голландия, Швейцария, Дания, Бельгия, Франция, Швеция, Испания және Германия. Бір қызығы, Германия басқосуға өз өкі­лін жіберген жоқ, аталмыш ұйымға мүшелікке өткісі келетіні туралы телеграф арқылы білдірген. Ал FIFA-ның Еуропа мемлекеттерінен тыс ең алғашқы мүшесі – Оңтүстік Африка Республикасы.
Алғашқы 25 жылда ұйым тек бірнеше ерікті адамдардан ғана тұрды. Ал мүшелікке енуге ниет білдірген елдер 50 француз франкінен төлеуге міндеттелді.
Бүгінде FIFA-ға 208 мемлекет мүше. Ұйымның жылдық табысы 30 миллион АҚШ долларын құрайды. Ал оның пре­зиденті – швейцариялық маман Йозеф Блаттер. Айта кетейік, Қазақстан FIFA-ға 1992 жылдан бері мүше.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста